Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаттарында төтенше жағдай жарияланды
https://itolqyn.com/news/world-i55002-Нью_Йорк_пен_Нью_Джерси_штаттарында_төтенше_жағдай_жарияланды
АҚШ-та дауыл мен су тасқыны салдарынан қаза болғандар саны көбейгеннен кейін осы елдің Президенті: «Климаттық дағдарыстың салдарымен күресу үшін бір тарихи инвестиция салуымыз керек»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 03, 2021 16:28 Asia/Almaty

АҚШ-та дауыл мен су тасқыны салдарынан қаза болғандар саны көбейгеннен кейін осы елдің Президенті: «Климаттық дағдарыстың салдарымен күресу үшін бір тарихи инвестиция салуымыз керек»,-деді.

Джо Байден: «АҚШ-тың түкпір‑түкпірінде климаттық өзгерістер салдарынан ауқымды қирандылар пайда болды. Бұларды жөндеу – өмір мен өлім мәселесі»,-деді.

Нью-Йорк пен Нью-Джерси қалалары мен оның атырабында бұрын соңды жаумаған жауын-шашын болды.

Осы аптаның басында Луизиана штатының оңтүстігінде «Ида» дауылы болып, соның жұрнағы Нью-Йоркке де жетті.

Осы уақытқа дейін АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы 4 штатта болған дауыл мен су тасқыны салдарынан 46 адам қаза тапты.