Ұлыбритания Қорғаныс министрі АҚШ-тың ұлы державалық дәурені аяқталғанын мойындады
Ұлыбритания Қорғаныс министрі Бен Уаллас жанжалды сөздерінде АҚШ пен НАТО күштерінің Ауғанстаннан асығыс әрі қорлықпен шыққанына тоқталып: «Халықаралық деңгейде өз мақсаттарын орындай алмайтын ел әлемдік держава емес, жай бір үлкен ел»,-деді.
Бен Уаллас тікелей АҚШ-тың атын атамады, бірақ Атлант мұхитының екі жағалауындағы елдердің Ауғанстаннан әскери күштерді шығару туралы текетірестері күшейгенін ескерсек, оның айтпағы АҚШ екені айқын.
Ұлыбритания Қорғаныс министрі АҚШ-тың ұлы держава ретінде бұрынғы позициясынан түскені туралы айтқаны – бұлтартқысыз шындық, бірақ жаңа тақырып емес. Тек Вашингтонның бір стратегиялық одақтасы бірінші рет жаңа шындыққа тоқталды: АҚШ енді тіпті бір әлемдік держава емес, бір үлкен ел ғана. Джо Байденнің айтуынша, АҚШ тоқтаусыз соғыстарға араласудан бас тарту үшін Ауғанстаннан кетті. Шын мәнінде әлем елдерінің айтуынша, АҚШ-тың Ауғанстаннан ойсырай шығуы бұл елдің бір ықпалды әлемдік держава ретінде өз орнын жоғалтып алғанын көрсетеді.
Қазіргі таңда Вашингтонның еуропалық одақтастары, соның ішінде Ұлыбритания осы шындықты тура айтып отыр. Олар мына мәселені жақсы ұғынды: бұдан былай саяси-экономикалық және қауіпсіздік тұрғыдан қолдауға ие болу үшін Вашингтонға арқа сүйеу қателік болады, АҚШ үкіметі қысылтаяң шақта тек өз мүддесін ғана көздеп, оларды жалғыз қалдыруы әбден мүмкін.
Халықаралық алпауыттар, соның ішінде АҚШ-тың бәсекелестерінің бұл шындыққа көздері жетті. Сол себепті Джо Байден үкіметінің Ауғанстанға қатысты әлсіз реакция мен ырықсыз ұстаным білдіргенін ескерсек, осыдан былай АҚШ-тың зорлықшыл саясаттары, ұстанымдары мен талап-тілектеріне қаталырақ реакция білдірілетін болады.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «АҚШ күштерінің Ауғанстаннан шығарылуы демократияны тарату үшін әскери шара қолданатын дәуреннің аяқталғанын білдіреді»,-деді.
Саяси сарапшы Доменико Монтанаро: «АҚШ-тың Ауғанстаннан шыққаны себепті Байден қысқа уақытта ауыр саяси соққы көретіні анық. Байден осы шешімнің саясынан тез арада құтыла алмас»,-деді.
АҚШ Кеңес одағы ыдырап, «қырғи қабақ» соғысы аяқталғаннан кейін өзін державалар арасындағы майданның жеңімпазы санап, жаңа әлемдік жүйе жайлы сөз қозғайтын. Бірақ қазіргі таңда АҚШ-тың саяси-экономикалық және әскери салаларда қатты құлдырап кеткенін білдіретін түрлі көрсеткіштер бар. Бұл үдеріс АҚШ-тың бұрынғы басшысы Дональд Трамптың билігі кезінде күшейіп, АҚШ-тың әлемдік сахнада оқшаулана түсуіне себеп болды. Өйткені Трамп кезінде біржақтылықты ұстану және халықаралық ұйымдар мен заңдарға мүлде назар аудармау сыртқы саясаттың басты басымдығына айналды. Қазіргі таңда АҚШ-тың Ауғанстаннан ойсырай шығуы, шын мәнінде қашуы және Байденнің бұл елде көзделген мақсаттарға жетпегенін мойындап, бір мемлекет қалыптастыру үшін әскер жіберу кезеңінің аяқталғанын баса айтуы АҚШ-тың әлемдік держава ретіндегі келбетіне қатты сызат түсірді. Ұлыбритания Қорғаныс министрінің осы жайтты мойындауы мұның шындық екенін көрсетеді.