Иран Ауғанстанда қатыгездіктердің көбейгеніне алаңдап отыр
(last modified Sat, 04 Sep 2021 15:23:32 GMT )
Қыр 04, 2021 21:23 Asia/Almaty
  • Иран Ауғанстанда қатыгездіктердің көбейгеніне алаңдап отыр

Қазіргі таңда Ауғанстан жылдар бойғы басқыншылық, соғыс пен қатыгездіктен шаршаған, сондықтан барлық топтар қатыгездік пен адам өлтіруден бас тартуы керек.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы жұма күнгі мәлімдемесінде Ауғанстандағы оқиғаларға, Панджшердегі қақтығыстарға тоқталып: «ИИР барлық тараптармен үздіксіз байланыста болды. Ауғанстан халқының қам-қайғысын барынша азайтуға бар күшін салып жатыр»,-деп еске салды.

Хатибзаде шетелдіктердің кез келген ішкі іске араласушылығын айыптап, Ауғанстан халқының елдегі барлық топ өкілдерінен тұратын біртұтас халықтық үкіметке лайықты екенін айтты.

Осындай қысылтаяң шақта  Ауғанстанда ішкі қайшылықтар мен азаматтық соғыстың жалғасуы елге теріс әсер етіп, орны толмас зиян әкеледі.  

ИИР: «Ауғанстанда тұрақтылық пен қауіпсіздік тудыру үшін жан аяп қалмаймыз. Аймақтағы көршілес елдер де Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылық орнауы үшін өзара әріптестікті нығайта түседі деп үміттенеміз»,-деп сан рет мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі өткен аптада Иранның жаңа Президенті мен үкімет мүшелерімен кездесуінде сөйлеген сөзінде Ауғанстанды тілі, діні, мәдениеті бір бауырлас ел деп атап, ауған халқының қиыншылықтарына терең өкініш білдіріп: «АҚШ Ауғанстанды дамыту үшін бір қадам да жасаған жоқ. Қазіргі Ауғанстан азаматтық және әл-ауқаттық даму тұрғысынан 20 жыл бұрынғы жағдайдан кейін қалмаса, ілгерілеген жоқ»,-деді.

Аятолла Хаменеи: «ИИР кез келген жағдайда Ауғанстанның жапа шеккен  мұсылман халқын қолдайды. Біздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасымыз, олардың Иранға қатынасына байланысты»,-деді.

Теһран Ауғанстанда барлық тайпа өкілдерімен әріптесе отырып, мәселелерді шешіп, елде тұрақтылық орнату және көршілес елдердің қауіпсіздігін сақтау үшін бар күшін салып келеді. Өткен оқиғалар көрсеткендей, Ауғанстанда қатыгездіктердің артуы босқындардың жаңа легін тудырады.

Ауғанстанға қатысты ықтималды сценарийлерді ескере отырып, Иран осы елде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуға көмектесуге дайын. Аймақта бейбітшілік пен тыныштық орнатуға жауапкершілік сезінетін барлық елдермен әріптестік жасайды.