Қалибаф: Иран Ауғанстан халқының талап-тілегін қолдайды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Ауғанстандағы соңғы өзгерістерге тоқталып: «Талғамдары әртүрлі әлемдік сарапшылар АҚШ армиясының мазаққа ұшырай қашқанын бұл елдің халықаралық беделінің құлдырағанының айқын мысалы деп атады. Бүгінде Ауғанстанның саясаткерлері мен халқының бастан кешкен оқиғаларына бәріміз куә болып отырмыз»,-деді.
Қалибаф: «Ауғанстанда АҚШ құрған үкіметтің елді тастап кетуі және Талибан тобының бүкіл елді қарсылықсыз басып алуы АҚШ-тың 20 жыл бойғы басқыншылығына және АҚШ құрған үкіметтің әрекетсіздігіне наразылықтардың нәтижесі болды. Кейбір ауған басшыларының АҚШ-қа елде қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз етеді деп сенуінің стратегиялық қателік болғаны айқын көрінді»,-деді.