Бірнеше ел Ауғанстанда жаңа үкіметтің құрылғанын жариялау жиналысына қатысуға шақырылды
(last modified Mon, 06 Sep 2021 14:51:57 GMT )
Қыр 06, 2021 20:51 Asia/Almaty
  • Бірнеше ел Ауғанстанда жаңа үкіметтің құрылғанын жариялау жиналысына қатысуға шақырылды

Бір ақпарат агенттігі Талибанның 6 елді, соның ішінде Иранды Ауғанстанда жаңа үкіметтің құрылғанын жариялау жиналысына қатысуға шақырғанын хабарлады.

Al-Jazeera ақпарат агенттігі дүйсенбі күні Талибанға тиесілі ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, бұл топ 6 елдің басшыларын Ауғанстанда жаңа үкіметтің құрылғанын жариялайтын жиналысқа қатысуға шақырды. Алты ел – Түркия, Иран, Қытай, Ресей, Пәкістан және Катар.

Пәкістан ақпарат құралдарының айтуынша,  Талибан тобының жетекшісі Хабтулла Ахундзаде Молда Мұхаммед Хасан Ахундты Ауғанстан президенті немесе әл-вузара, не жаңа үкіметтің басшысы ретінде ұсынып, Молда Барадар Ахунд пен Молда Абдусаламды оның орынбасарлары етіп тағайындайды.

Талибан басшыларының айтуынша, жаңа үкімет сәрсенбі күні таныстырылуы ықтимал немесе бірнеше күн кейінге қалдырылуы мүмкін.