МАГАТЭ Иранның ядролық нысандарын тексеру деңгейінің азайғанын айтты
(last modified Wed, 08 Sep 2021 08:33:31 GMT )
Қыр 08, 2021 14:33 Asia/Almaty
  • МАГАТЭ Иранның ядролық нысандарын тексеру деңгейінің азайғанын айтты

Ақпарат көздерінің сейсенбі күні хабарлауынша, МАГАТЭ-нің бас директоры «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен ядролық қауіпсіздікке қатысты есебінде: «Осы ұйымның Ирандағы ядролық нысандарды тексеру жұмыстары айтарлықтай азайды»,-деп уәж айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кейбір бөлімдері шетелдік ақпарат құралдарында жарияланған бұл есепте «Иран МАГАТЭ инспекторларына ядролық нысандарға кіруге кедергі жасап, өзінің ядролық жұмыстарын дамытып жатыр. Иран 60 пайызға байытылған 10 кг уран сақтап отыр. Бұл ядролық келісімде белгіленген межеден жоғары» делінген.

Гросси Иранда жарияланбаған ядролық бөлшектер анықталғаны туралы уәждерді қайталап, Теһран үкіметінен  уақыт өткізбей осы жайтқа тиісті түсініктеме беруді сұрады.