Ауғанстанға көршілес елдер Сыртқы істер министрлерінің келесі отырысы Теһранда өтеді
https://itolqyn.com/news/world-i55150-Ауғанстанға_көршілес_елдер_Сыртқы_істер_министрлерінің_келесі_отырысы_Теһранда_өтеді
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі әрі елшісі: «Ауғанстанға көршілес елдер Сыртқы істер министрлерінің келесі отырысы Теһранда өтеді»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 10, 2021 15:15 Asia/Almaty

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі әрі елшісі: «Ауғанстанға көршілес елдер Сыртқы істер министрлерінің келесі отырысы Теһранда өтеді»,-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Маджид Тахтраванчи бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Ауғанстан қазір бір дағдарысты кезеңді бастан өткеріп жатыр»,-деді.

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі әрі елшісі: «Бұл жағдай – бәрінен бұрын АҚШ пен басқа шетелдік күштердің Ауғанстан ісіне тікелей араласуы және олардың елден бас сауғалай кетуінің салдары»,-деді.

Тахтраванчидің айтуынша, олар (америкалықтар мен батыстықтар) Ауғанстанға кірген кезде ауғандарға ауыр қиыншылық әкелді, ал шыққан кезде апат тудырды.