Иран Сыртқы істер министрі мен БҰҰ Бас хатшысы телефон арқылы сұхбаттасты
Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысымен телефон арқылы сұхбаттасып, аймақтық және әлемдік өзгерістер жайлы кеңесті.
Антониу Гутерреш осы сұхбатта Хұсейн Амир Абдуллахианды Иран Сыртқы істер министрі болып тағайындалуымен құттықтап, Иранды БҰҰ-дағы өте ықпалды елдердің бірі деп атап, осы елдің Президенті және Сыртқы істер министрімен тығыз байланыста болуды қолдады.
Гутерреш Иранға ауған мигранттарын қабылдап жатқаны үшін алғыс айтып: «БҰҰ Иранның босқындарды қабылдау жолындағы талпыныстарына қолдау білдіруге міндетті»,-деді.
Амир Абдуллахиан осы сұхбатта Иранның БҰҰ Бас хатшысымен Ауғанстанның қазіргі жағдайын саяси жолмен шешу үшін әріптестік жасауға дайын екенін айтып, миграцияның жаңа толқыны басталғанына алаңдаушылық білдіріп, БҰҰ-дағы тиісті органдардың көмектесуі қажеттігін айтты.
Амир Абдуллахиан сардар Қасым Солейманиге жасалған террорға қатысты істің халықаралық құқықтық инстанцияларда қарастырылып жатқанын айтып: «Солейманиге террор ісінің ілгерілеуін халықаралық және құқықтық тұрғыдан жіті қадағалап отырмыз»,-деді.