Путин: Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдерге қауіп төніп тұр
(last modified Thu, 16 Sep 2021 12:39:49 GMT )
Қыр 16, 2021 18:39 Asia/Almaty
  • Путин: Ұжымдық қауіпсіздік  туралы шарт ұйымына мүше елдерге қауіп төніп тұр

Ресей Президенті: «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер үшін жағдай тұрақсыз ғана емес, қауіпті болып тұр»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Владимир Путин бейсенбі күні Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Ұжымдық қауіпсіздік  туралы шарт ұйымына мүше елдер басшыларының отырысына бейнекоконференция арқылы қатысып: «Осы ұйым жауапкершілікке алған аумақтың шекарасында тұрақсыздық артып қана қойған жоқ, біздің елдердің қауіпсіздігі үшін жаңа түйткілдер туып отыр»,-деді.

Ресей Президенті: «Батыс коалициясы күштерінің Ауғанстаннан асығыс шығуы аймақ үшін жаңа қоқан-лоққылар тудырды. Біз Ұжымдық қауіпсіздік  туралы шарт ұйымының төтенше отырысында осы елдің жағдайының түбегейлі өзгеруінің қатерлері жайлы пікір алмастық»,-деді.

Путин: «Осы ұйымға мүше елдер басшылары өз елдерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында ұйымның қарым-қабілеті мен әлеуетін пайдалану үшін кез келген жағдайға дайын болу қажеттігіне келісті»,-деп еске салды.