Иран Президентінің Тәжікстанға сапарының мақсаттарына шолу
(last modified Thu, 16 Sep 2021 13:42:54 GMT )
Қыр 16, 2021 19:42 Asia/Almaty
  • Иран Президентінің Тәжікстанға сапарының мақсаттарына шолу

ИИР Президенті сейіт Ибраһим Раиси бүгін, бейсенбі күні Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның ресми шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммитына қатысу үшін Душанбеге барды.

Сейіт Ибраһим Раиси президент ретіндегі алғашқы сапары Тәжікстанға жасалды. Бұл екі себептен маңызды:

Біріншісі – Тәжікстан Президентінің ресми шақыртуы және жоғары лауазымды тұлғалардың екіжақты кездесуі. Өйткені бұл елдің Иранмен қарым-қатынасы мен өзара қызығушылықтары көнеден келе жатыр. Иран Президентімен қоса жоғары лауазымды саяси-экономикалық тұлғалардың ирандық делегация құрамында осы сапарда болуы бұл елдің Тәжікстанмен байланыстағы екіжақты мақсаттарға және жаңа әріптестік салалары туралы келіссөздерге көңіл бөлетінін көрсетеді. Бұл – Иранның он үшінші үкіметінің аймақтық дипломатиядағы басты басымдығы.

Екіншісі – Иран Президентінің Шанхай ынтымақтастық ұймының саммитіне бақылаушы ретінде қатысуы және сөз сөйлеуі. Ол аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығына, әсіресе Ауғанстандағы жағдай және басқа да халықаралық мәселелерге қатысты Иранның ұстанымын білдіріп, екіжақты және көпжақты мақсаттар мен идеяларды ортаға салды.

Осы тұрғыдан Иран Президентінің Тәжікстанға сапары және Шанхай саммитіне қатысуының айрықша жолдаулары бар.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 20 жыл болып қалды. Қазір бұл ұйым Азияда аймақтың маңызды елдерінің басын қосқан аймақтық мақсаттарды көздейдін құрылымның бір үлгісі саналады. Шанхай ұйымына мүше Ресей мен Қытай сияқты ірі елдер бақылаушы мүше ретіндегі Иранмен стратегиялық қарым-қатынасқа ие.  

Орта Азия және Кавказ істері жөніндегі сарапшы Кузегяр Каледжи Иран мен Шанхай ұйымы арасындағы әріптестіктің маңыздылығын бағалауда түрлі салаларға, соның ішінде энергетика, тасымал және саудаға тоқталып, бұларды аймақ үшін стратегиялық маңызы бар салалар деп атады.

Шанхай ұйымының географиялық аумағында халықаралық суларды пайлаланып, сауда және транзиттік байланыстар орнату аса маңызды. Бұл үшін Иранның жолдарын да қолдануға болады, өйткені Иран Батыс Азияда ең маңызды байланыс жолдарына ие.