БҰҰ АҚШ-тың біржақты санкцияларын заңсыз деп атады
БҰҰ-ның адам құқығына қатысты арнайы баяндамашысы Алена Духан АҚШ-тың біржақты санкцияларын заңсыз деп атады.
Алена Духан АҚШ Конгресінің 2019 жылы Сирияға қарсы бекіткен «Цезарь» заңына тоқталып: «Бұл заң – санкциялардың ел шекарасынан тыс жерде орындалуының айқын үлгісі»,-деді. «Цезарь» заңы 2020 жылы маусымда күшіне енді. Ол бойынша, АҚШ үкіметі Сирияның мекемелері мен жеке адамдарына қарсы санкция салып, оларды қыспаққа ала алады. Бұл заңды қолданудың мақсаты – Сирия жүйесіне қарсы қысымды күшейту.
АҚШ – әлемде санкция салатын ең ірі ел. АҚШ өзінің сыртқы саясаттағы мақсаттарын ілгерілету үшін басқа елдерге қарсы түрлі санкцияларды көп қолданады. Вашингтонның одақтастары санкция салуда оған жақтасады. Еуроодақ та Сирияға қарсы көптеген санкция салды. Бұл санкциялар АҚШ пен Батыс елдерінің саясаттары мен шараларына қарсылық білдірді деген сылтаумен немесе санкцияға түскен елдерден қоқан-лоққы жасалды деген уәжбен салынды.
Байден үкіметі де Трамп үкіметі сияқты бәсекелес немесе қарсылас елдерге қарсы санкция салу қатынасын жалғастырып жатыр. АҚШ санкцияларының көбі біржақты негізде және БҰҰ-ның рұқсатынсыз салынып отырғанын ескерсек, оларды заңсыз деуге толық негіз бар. АҚШ тарих бойында максималды қысым аясында Иранға қарсы ең ауыр санкциялар салумен қоса, Ресей, Қытай, Венесуэла, Куба, Сирия мен Солтүстік Корея сияқты елдерге қарсы көптеген біржақты санкция салды.
АҚШ саяси, коммерциялық және қауіпсіздік мәселелері, тіпті адам құқығының бұзылуын сылтауратып, басқа елдерге, соның ішінде бәсекелес немесе жаулас елдерге санкция салады. Сыртқы себептерді былай қойғанда осы қатынасты жалғастырудың негізгі себебі – Вашингтонның мүдделерін ілгерілету. Ресей Энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, бүкіл әлем АҚШ-тың түрлі елдерге жөнсіз санкция салуынан шаршады.
Әрине БҰҰ коронавирус таралған жағдайда АҚШ-тың біржақты санкциялар салуын сан рет сынап, оларды жоюды немесе азайтуды талап етті. Сөйтіп санкцияға ұшыраған елдердің негізгі медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектерге қолжетімділігін жеңілдетуді көздеді.
Алена Духанның сенімінше, біржақты санкциялар БҰҰ беделінің төмендеуіне, халықаралық сахнада әріптестік жасаудан үрейленуге және заңның үстемдігіне күмәнмен қарауға себеп болады.
БҰҰ мамандарының айтуынша, «Санкциялар елдердің дамуын тежейді және бүкіл әлемге зиян тигізеді». Саяси сарапшы Реза Ресалат АҚШ-тың біржақты санкцияларына тоқталып: «АҚШ-тың адамзатқа қарсы болмысын ескере отырып, осы ел басшыларының санкцияларды жоюға оң қадам жасайтындығына сенуге болмайды»,-деп жазды.
АҚШ-тың біржақты санкцияларының бүлдіргі әсерлерін ескере отырып, БҰҰ тарапынан қысымды арттырып, санкцияларға қарсы халықаралық коалиция құру қажет. Сонда Батыс блогының басшысы ретіндегі АҚШ әлемнің бірауызды ұстанымын ескеріп, осы салада өз көзқарасын өзгертуге мәжбүр болады.