Амир Абдуллахиан: Иран үкіметінің нақты саясаты - ішкі экономиканы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланыстырмау
Иран Сыртқы істер министрі елдің жаңа үкіметінің нақты саясаты ел экономикасын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланыстырмау екенін қуаттады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күні Нью -Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясы аясында Хұсейн Амир Абдуллахиан Германия Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен кездесуінде Иранның жаңа үкіметінің нақты саясаты ел экономикасын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланыстырмау екенін қуаттап, Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан тәуелсіз қарым -қатынас жасауға дайын екенін жариялады. Иран Сыртқы істер министрі: «АҚШ барлық келісімдердің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келіссөздері аясында жасалғанын, сондықтан Венадағы келіссөздерінің жаңа келісім үшін емес, АҚШ-тың аталмыш келісімдегі және № 2231 қарар бойынша қарастырылған міндеттемелеріне толық және кепілдікпен қайтуына сенімді болу үшін екенін білуі керек»,- деді.
Германия Сыртқы істер министрі кездесу барысында елінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды екенін және оны сақтап қалуға және оны қайта жандандыруға бар күшін салатынын айтты.