Йеменнің «Ансаролла» қозғалысының баспасөз хатшысы БҰҰ-ын сынады
Йеменнің «Ансаролла» қозғалысының баспасөз хатшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының Йеменде атысты тоқтату жағдайын орнатудағы қауқарсыздығын сынға алды.
Йеменнің «Ансаролла» қозғалысының баспасөз хатшысы Мохаммад Абдуль Ислам дүйсенбі күні ливандық Al Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында: «Өкінішке орай, әлемнің ең ірі ұйымы саналатын Біріккен Ұлттар Ұйымы осы уақытқа дейін Йемендегі атысты тоқтату режимін бұзушыларға қарсы еш әрекет жасай алған жоқ. Олар әрқашан аталмыш ұйымның осалдығын өз мақсаттарында теріс пайдаланады»,- деді.
Кеше дүйсенбі, 18 сәуір күні Кувейтте Йеменде бейбітшілік орнатуға байланысты келіссөздер осы мәселеге қатысты тараптардың, соның ішінде «Ансаролла» халықтық қарсыласу комитеттері мен осы елдің бұрынғы президенті Абду Раббе Мансур Хадидің өкілдерінің қатысуымен өтуі тиіс болған, алайда келіссөздер кейінге қалдырылды.
Кувейттегі келіссөздер мерзімінің кейінге қалдырылуының негізгі себебі Сауд Арабиясының атысты тоқтату келісімін бұзуы болған сынды.