АҚШ-тың іс-әрекеті Иранның ядролық келісімге қатысты шешімінің критерийі болмақ
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан сенбі күні елге қайтып оралар алдында: «Дипломатиялық жолдар және ақпарат арналары арқылы бізге жетіп жатқан АҚШ-тың қарама-қайшы жолдаулары біздің түпкілікті шешіміміздің критерийі болмайды»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрі: «Біздің критерийіміз қарсы тараптардың көзқарас білдіруі емес, олардың іс-әрекеті. Жаңа үкімет жүргізілген келіссөздерді қайта шолып, зерттеп жатыр. Ол уақытты босқа өткізбейді, АҚШ-тың сындарсыз қатынасын қабылдамайды, елді бос уәдеге телміртпейді»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы және Венадағы келіссөздердің қайта басталуы туралы сөздері екі қырдан маңызды.
Біріншіден, мынадай сауал туындайды: АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралуға және өз міндеттемелер орындауға шынайы ерік-жігер танытып отыр ма? Қазіргі жағдайда бұл салада күдік-күмән жетерлік. Өйткені іс жүзінде АҚШ пен Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында қабылдаған міндеттемелердің өте аз бөлігін белгілі бір кезеңде ғана орындады, басқа ешқандай іс атқарылмады. АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы қатынасы наразылық тудырады. Олар бір жағынан ядролық келісімге шақыру және өтініш білдіру туралы сөз сөйлейді. Ал екініші жағынан Иранға қарсы жаңа санкциялар салады.
Иран Сыртқы істер министрінің сөздеріндегі екінші жайт – еуропалықтарға мәнді жауап беруі. Олар келіссөз үстеліне қайта оралуы үшін Иранға қысым жасап, өздерінің уәде бұзушылықтары мен Иранның АҚШ-қа сенбеу себептеріне көңіл аудармастан, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын біржақты орындауға тырысып жатыр.
Егер АҚШ өткен уақыттың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына зиянды екеніне шынымен алаңдаса, өз міндеттемелеріне берік болып, қазіргі жағдайдың қалыптасуына жол бермес еді.
Тәжірибе көрсеткендей, АҚШ-тың дипломатиялық шараларының түпкі ниетін осы елдің Иранға қатысты макро саясатын назарға алған кезде ғана дұрыс сараптап, саралауға болады.
Шын мәнінде АҚШ-тың Иранға қатысты саясаты барынша экономикалық қысыммен қатар дипломатияны жалғастыру болып отыр. Яғни АҚШ дипломатияны пайдалану және санкцияларды сақтау арқылы Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына және басқа тақырыптардағы келіссөздерге қайта оралуға көндіруді көздейді.
Амир Абдуллахианның АҚШ-тың қатынасын сынауы толық қисынды әрі айқын. Иран Сыртқы істер министрі: «Кінәліні табу үшін Теһранға емес, Еуропа елдерінің астаналары мен Вашингтонға көз тігу керек. Иран келіссөздерде тек америкалықтардың іс жүзіндегі әрекетіне қарап, назар білдіреді»,-деді.