АҚШ Ауғанстандағы стратегиялық жеңілісін мойындады
АҚШ-тың Ауғанстаннан толық шығуынан шамамен бір ай өткен жағдайда АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин мен АҚШ армиясының бірлескен штабының басшысы Марк Милли сейсенбі күні Сенаттың қарулы күштер комитетінде сенаторлардың Ауғанстаннан шығу туралы сұрақтарына жауап берді.
Бұл отырыста Ллойд Остин Вашингтонның Ауғанстандағы 20 жылдық соғысына күмән келтірді және АҚШ-тың Ауғанстанда біртұтас мемлекет құра алмағанын мойындады. Генерал Марк Милли де Ауғанстаннан кетуді стратегиялық сәтсіздік екенін мойындап: «АҚШ-қа шабуыл жасау ниетпен әл-Каида немесе ДАИШ-ты қайта құру – өте нақты мүмкіндік»,- деді. Ол Байденге кемінде 2500 американдық әскериді Ауғанстанда қалдыру туралы кеңес бергенін айтты. Пентагон басшылары мен АҚШ әскерилерінің бұл ұстанымы Ақ үйдің ұстанымына қайшы келеді. Ақ үйдің өкілі Джен Псакидің айтуынша, егер АҚШ Ауғанстанда 2500 әскерін сақтап қалса, бұл Талибанмен соғысқа әкеледі.
Талаптар мен ұстанымдардың шатасуы, сондай-ақ Ауғанстаннан кету туралы қарама-қайшы мәлімдемелер Байден үкіметінің бұл оқиғаның күйзелісінен әлі де айықпағанын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл мәселеге туралы жоғары деңгейде де келіспеушілікті байқауға болады. Байден АҚШ соңғы жиырма жыл бойы жүргізген шексіз соғыстарын тоқтату сылтауымен Ауғанстаннан американдық әскерлерді шығаруды бұйырды. Ресейлік саясаттанушы Исмаил Шабанов: «АҚШ әскерилері Ауғанстанда 20 жыл болды және ондаған миллиард доллар шығынмен өз мақсаттарына жете алмады», - деді. Алайда, Байденнің бұл әрекеті АҚШ-тың ішінде де, сыртында да кеңінен сынға ұшырады және Сенаттың қарулы күштер комитеті бұл мәселе бойынша тыңдау өткізді. АҚШ сенаторы Митч Макконнеллдің айтуынша, Ауғанстанда соғыс тоқтайды, бірақ бұл террористердің кетуін білдірмейді. Олар Ауғанстанда АҚШ-ты тізе бүктіргеніне қуанышты»,- деді.
АҚШ-тан басқа жерлерде де Вашингтонның халықаралық бәсекелестері Ресей мен Қытай тарапынан да, еуропалық серіктестер тарапынан да Байденнің шешіміне кеңінен сын айтылды. Байденнің АҚШ әскерін Ауғанстаннан шығаруға асығуы американдық әскерлердің Вьетнамнан кеткен кездегі оқиғаға өте ұқсас. Алайда, АҚШ-тың Ауғанстанды басып алуы мен бұл елде 20 жыл орналасуы салдары ескерілмей жүзеге асты. АҚШ-тың ең жоғары қорғаныс және әскери шенеуніктері де Байденнің шешімінің дұрыстығына күмән келтірді. Шындығында, американдық әскердің шығарылуынан туындаған қауіпсіздік вакуумы, ауған армиясының дайын еместігімен қатар, басқару деңгейіндегі саяси даулар, тиімді басқару құрылымының болмауы, ауған әскерлерінің моральдық күшінің болмауы және т.б. мәселелермен бірге Ауғанстан үкіметінің күйреуіне әкелді. Талибан билікті өз қолына алды. Бұл мәселелер әсіресе Ллойд Остиннің сөздерінде айқын көрінеді. Әрине, бұл мәлімдемелердің жариялануы және Пентагон мен АҚШ әскерилерінің жоғары лауазымды басышларының қарама-қарсы пікір білдіруі АҚШ-тың әлемдік держава болуға үміткер ел ретіндегі беделін одан әрі төмендетеді. Екінші жағынан, бұл Вашингтонның одақтастары мен серіктестерінің АҚШ алдындағы міндеттемелерін орындауға деген сенімін одан әрі төмендетеді.