Солтүстік Корея басшысы Джо Байденді сынады
(last modified Thu, 30 Sep 2021 15:26:22 GMT )
Қыр 30, 2021 21:26 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея басшысы Джо Байденді сынады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын АҚШ-тың Пхеньянға қатысты ұстанымын жауластық сипатта деп атап: «Вашингтонның Пхеньянмен келіссөз туралы ұстанымы – Ақ үйдің осы саясатын бүркемелеу»,-деді.

Дональд Трамп билігі кезіндегі АҚШ пен Солтүстік Кореяның бал айындай қарым-қатынасы аяқталғаннан кейін енді Пхеньян Байден үкіметі деген мықты бөгетке тап болды. Республикашылдар оның саясатын Барак Обаманың президенттік кезеңіне қайта оралу деп бағалап, оны «стратегиялық сабыр» саясаты деп атады.

Солтүстік Кореяның көзқарасынша, Дональд Трамптың жұмсақ қолы да Корей түбегіндегі дағдарысты Пхеньянның мүддесіне шешуге созылмаған болатын, ол өзінің Солтүстік Кореямен келісімдерін орындамады, осы жолда әсерлі қадам жасамады. Ал бұл жағдайда АҚШ Президенті Джо Байден Трампты Солтүстік Кореяға қысымды азайтып, осы елдің зымырандық және ядролық позиициясының нығаюына жағдай жасады деп айыптады.

Саяси орталардың көзқарасынша, Солтүстік Корея Шығыс Азияда Қытайдың одақтасы саналатынын ескерсек, Пхеньянның жағдайы Вашингтонның Бейжіңге қатысты ұстанымына байланысты болады. Көпшіліктің сенімінше,  Трамп кезіндегі АҚШ-тың келіссөздер барысындағы мақсаттарының бірі Солтүстік Кореяға әскери және санкциялық қысым жасап, оны Қытайдан алшақтату болды.

Солтүстік Корея басшысы бір кездері Қытайдан тәуелсіз саясат жүргізетінін көрсеткенімен, АҚШ-тың көзқарасынша, Солтүстік Корея Қытай үшін АҚШ-тың әскери-ядролық күш-қуатына сес көрсететін құрал болып отыр.

Обама кезіндегі АҚШ Қорғаныс министрі Чак Хигельдің сенімінше, бұл ел Трамптың президенттік кезеңінен кейін өз саясатын реттеу үшін қиын жолдан өтуі тиіс. Вашингтонның басты басымдығы өз одақтастарын Солтүстік Кореяға қарсы біріктіріп, коалиция құру болып отыр.