Хатибзаде: Аймақта Израильдің бүлдіргі болмысын растауға жағдай жасау тынышсыздықты одан ары арттырады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы аймақта Израильдің бүлдіргі болмысын растауға жағдай жасауды көздейтін кез келген әрекетті текетірес пен тынышсыздықты одан ары арттыруға бағытталған шара деп атап, мұны айыптады.
Хатибзаде сионистік режим Сыртқы істер министрі Яир Лапидтің Бахрейнге сапарына тоқталып, Бахрейн билеушілерінің сионистік режиммен қарым-қатынасын ашық түрде жүргізіп жатқанын айтып, Құдсты басып алған режимн басшыларын бас ие қарсы алуды Бахрейн халқының талап-тілегіне қарсы деп атады.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы бұл сорақы дақтың Бахрейн билеушілерінің етегінен кетпейтінін айтып: «Аймақ халықтары бұрынғыдай сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыптандыруға қарсы болып қала береді»,-деді.