Қаз 08, 2021 02:44 Asia/Almaty
  • Әлем бойынша алтыншы Абай мәдени-іскерлік үйі Қырғыз Республикасында ашылды

2021 жылы 7 қараша күні әлем бойынша алтыншы «Абай мәдени-іскерлік үйі» Қырғыз Республикасында ашылды.

2021 жылы 7 қараша күні әлем бойынша алтыншы «Абай мәдени-іскерлік үйі» Қырғыз Республикасында ашылды. 

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса мен Мақпал Тәжмағамбетова, «Отандастар қорының» Президенті Нұртай Әбіқаев, Қырғыз Республикасындағы қазақтар қауымдастығының төрағасы Гүлшат Асылбаева қатысты.

«Отандастар қоры» КеАҚ  басым жобаларының бірі шетелде «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйлерінің (бұдан әрі – «Abai Uii» МІҮ) желісін құру болып табылады.

«Abai Uii» МІҮ қызметінің мақсаты: Шетелдегі қазақ ұлттық-мәдени орталықтарын бірыңғай желіге шоғырландыру арқылы халықтық мәдени мұрамызды көпшілікке кеңінен танытумен қатар алыс-жақын шет елдердегі қазақ диаспоралары және отандастармен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланыстарды нығайту, дамыту және кеңейту болып табылады.

ҚР АЖҚДМ қолдауымен және ҚР СІМ келісімі бойынша шет елдердегі қазақ мәдени орталықтары базасында 2020 жылы 5 «Abai Uii» МІҮ онлайн-форматта ашылып, жұмыс істеуде: Омбы (Ресей Федерациясы), Ыстамбұл (Түркия), Ташкент (Өзбекстан), Берлин (Германия) және Киев (Украина) қалаларында.

«Abai Uii» МІҮ саяси немесе коммерциялық жоба емес және Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары мен отандастардың шетелде тұратын елдері арасындағы байланыстарды дамыту және нығайту мақсатында әрекет етеді.

Абай қырғыз-қазақ мәдени орталығы

 

Тегтер