Ауғанстанның жауапты басшылары Құндызда қылмыс жасаған қанышерлерді жазалауы тиіс
(last modified Sun, 10 Oct 2021 09:04:55 GMT )
Қаз 10, 2021 15:04 Asia/Almaty
  • Ауғанстанның жауапты басшылары Құндызда қылмыс жасаған қанышерлерді жазалауы тиіс

Ауғанстанның Құндыз облысындағы бір мешітте жойқын жарылыс болып, көптеген намазхандар қаза болғаннан кейін аятолла Хаменеи жолдау жасап, қылмыскерлерді жазалап, мұндай апатты оқиғаның қайталануына жол бермеу керегін айтты.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сенбі күнгі жолдауында: «Құндыз облысының Ханабад округындағы мешітте болған жарылыс салдарынан көптеген намазхан мүміндердің қаза тапқанына қайғырып отырмыз»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі: «Көршілес әрі бауырлас ел Ауғанстан басшыларынан осы қанды оқиғаға жауаптыларды жазалап, мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін тиісті шара қолданатынын күтеміз»,-деп еске салды.

Жұма күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз облысының «Сейітабад» мешітінде болған лаңкестік әрекет салдарынан ондаған шиіт жараланды және шәһид болды.     

Оқиғадан бірер сағат өткеннен кейін ДАИШ лаңкестік тобы Құндыздағы мешітке жасалған жанкешті шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды.