Қалибаф: Этникалық және діни арандатушылық – Ауғанстан дұшпандарының жаңа жобасы
https://itolqyn.com/news/world-i55826-Қалибаф_Этникалық_және_діни_арандатушылық_Ауғанстан_дұшпандарының_жаңа_жобасы
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы тәкфирлік лаңкестердің Құндыз қаласындағы бір мешітке жасаған рақымсыз қылмысын айыптап, этникалық және діни арандатушылықты Ауғанстан халқына дұшпандардың жаңа жобасы деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 11, 2021 00:02 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Этникалық және діни арандатушылық – Ауғанстан дұшпандарының жаңа жобасы

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы тәкфирлік лаңкестердің Құндыз қаласындағы бір мешітке жасаған рақымсыз қылмысын айыптап, этникалық және діни арандатушылықты Ауғанстан халқына дұшпандардың жаңа жобасы деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф  жексенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісінің ашық жиналысының басында тәкфирлік лаңкестердің рақымсыз қылмысын айыптап: «Ауғанстанның жауап тұлғалары бүкіл халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Олар осы қанды оқиғаға себепшілер мен қылмыскерлерді жазалаумен қоса, осындай оқиғалардың қайталануының алдын алу үшін тиісті шаралар қолдануы керек»,-деді.

Ол: «Ислам елдерінің басшылары мұсылман халықтарының бірлігіне арқа сүйеп, қырағылықпен тәкфирлік топтардың белсенділіктерінің жалғасуына тосқауыл қойып, бүкіл аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек»,-деді.