АҚШ Сауд Арабиясына халықаралық қаржы жүйесінде кінәрат туындауы жайында ескерту жасады
(last modified Tue, 19 Apr 2016 10:19:47 GMT )
Сәу 19, 2016 16:19 Asia/Almaty
  • АҚШ Сауд Арабиясына халықаралық қаржы жүйесінде кінәрат туындауы жайында ескерту жасады

АҚШ Президентінің Сауд Арабиясына сапары қарсаңында Вашингтон эр-Риядқа АҚШ-тың қаржы жүйесінде кінәраттың туындау жайында ескерту жасады.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест 2001 жылғы 11 қыркүйек ісі қайта көтерілсе, Сауд Арабиясының АҚШ-тағы өзінің құны 750 млрд доллар тұратын мүлкін сататыны туралы қоқан-лоққысының жариялауына реакция білдіріп: «Сауд Арабиясы халықаралық қаржы жүйесін сақтауда АҚШ-пен ортақ мүдделерінің бар екендігінен хабардар. Осы жүйенің тұрақтылығын бұзу эр-Риядтың мүддесіне сай келмейді»,-деді.

АҚШ Конгресі бір жобаны талқылауда. Бұл жоба егер заңға айналса, 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорк пен Вашингтонда орын алған оқиғалар құрбандарының жанұяларына Сауд Арабиясы үкіметінің үстінен шағым түсіруге мүмкіндік беріледі. Бұл оқиғаларға жауапты 19 адамның 15-сі Сауд Арабиясының азаматтары болған. Осы адамдардың Сауд Арабиясы тарапынан қолдау көргенін дәлелдейтін мықты айғақтар бар. АҚШ Конгресі тергеу комитетінің құпия деп жарияланған 11 қыркүйек оқиғасы туралы есебінің 28 беті Сауд Арабиясының рөлін тексеруге арналған. АҚШ-тың сол кездегі үкіметі өзінің Сауд Арабиясымен стратегиялық байланысын сақтап қалу үшін бұл бөлімді жариялаудан бас тартты. Осыдан сәл бұрынырақ АҚШ-тағы бір сот бірнеше жыл бойы саудиялықтармен келіссөздер жүргізгеннен кейін Сауд Арабиясына қарсы шағымдар ісінің жабылғаны туралы үкім шығарды. Бұған қарамастан, Конгрестің республикашыл және демократ өкілдерінің көбі 15 жыл өткен соң АҚШ тарихындағы ең үлкен террористік оқиғадағы Сауд Арабиясының рөлін талқылауға жағдай жасауға бел байлап отырған сыңайлы. Бірақ, Ақ үй ақырында мұндай жобаға Барак Обама тарапынан вето салынатынын жариялады. Бірақ Сауд Арабиясы үкіметінің 11 қыркүйек оқиғасына жауаптыларды қолдады деген күмәнмен сотталу ықтималдығын жариялаудың өзі АҚШ-тың қоғамдық пікірі алдындағы осы елдің абырой-беделіне ауыр нұқсан келтіреді.

Сауд Арабиясы соңғы бірнеше жылда аймақтық авантюризм, ДАИШ сияқты лаңкестік және экстремистік ағымдарға ашық та жасырын қолдау көрсету, адам құқығын ауқымды түрде бұзу, әлеуметтік бостандықтар мен ақпараттық белсенділіктерді қатты басып-жаншу, сондай-ақ Йеменге шабуылда қарапайым азаматтарды айуандықпен өлтіруі салдарынан америкалықтардың жиренішін тудырып отыр. Сауд Арабиясының АҚШ-та қаржы дағдарысын тудырып, көптеген жұмыс орындарының жабылуына әкеліп соқтыруы мүмкін осы елдегі өзінің мүлкін сату туралы қоқан-лоққысы АҚШ қайраткерлері мен халқының алаңдаушылығын тудырып отыр. Тіпті Ақ үйдің баспасөз хатшысы эр-Риядты мұндай шарадан бас тартуға шақырды.

АҚШ пен Сауд Арабиясының 11 қыркүйектен кейінгі 15 жылдағы қарым-қатынасы стратегиялық байланысты сақтау мен дұшпандықтың арасында тербеліп тұрды. АҚШ Сауд Арабиясының мұнайына қатты мұқтаж. Ал Сауд Арабиясының қауіпсіздігі АҚШ-тың қолдауынсыз қамтамасыз етілмейді. Бұған қарамастан, Сауд Арабиясының авантюрист қайраткерлері ақырында АҚШ-пен бетпе-бет келетін бағытқа қарай қозғалуда. Бұл екі одақтастың Таяу Шығыстағы тәкфіргшіл және қатігез топтармен күресте бір-біріне қарсы сапқа тұрғанын және бір-бірімен соғысып жатқанын естен шығармауымыз керек. Сауд Арабиясының ДАИШ-тің көмегімен Таяу Шығыста жеңіске жетуі Батысқа қарсы соғысты АҚШ-тың жеріне дейін таратады. Сол себепті АҚШ Конгресінің өкілдері кеш болып кетпей тұрғанда Сауд Арабиясы үкіметін 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылдар мәселесі бойынша соттауға мүмкіндік жасауды көздеп отыр.