Раиси: ДАИШ лаңкестері басқыншылардың Ауғанстанда жеңіліс тапқан миссиясын аяқтауды көздейді
(last modified Mon, 18 Oct 2021 13:24:26 GMT )
Қаз 18, 2021 19:24 Asia/Almaty
  • Раиси: ДАИШ лаңкестері басқыншылардың Ауғанстанда жеңіліс тапқан миссиясын аяқтауды көздейді

ИИР Президенті  ДАИШ лаңкестерінің басқыншылардың Ауғанстанда жеңіліс тапқан миссиясын аяқтауды көздейтінін айтып: "ДАИШ лаңкестік тобының шабуылдары дінаралық іріткі салып, соғыс ашып, қан төгу мақсатында жасалады",-деді.

Сейіт Ибраһим Раиси жексенбі күні үкімет жиналысында Хасан Каземи Құмиді ИИР-ның Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілі ретінде таныстырғаннан кейін жұма күні Қандағардағы Фатима мешітінде болған жарылыстан намазхандардың шəһид болып, жарақат алуы пайғамбар үмбетін тағы да қайғыға батырғанын айтып, Ауғанстан халқына көңіл айтып, ислам үлемдері мен халықаралық ұйымдардан осы елдің дағдарысына көңіл аударуын сұрады.

Раиси: "АҚШ-тың Ауғанстанда тұрақсыздық орнату стратегиясымен қатарлас жасалып жатқан лаңкестік əрекеттер аясы кеңейіп жатыр. Ауғанстан басшылары халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қоса, халықтық қауіпсіздік тудырушы əлеуеттерден қапы қалмайды деп күтіледі",-деді.