Генерал-майор Бағери Ресейдің Астрахань облысындағы Солянка айлағының инфрақұрылымымен танысты
(last modified Thu, 21 Oct 2021 08:11:03 GMT )
Қаз 21, 2021 14:11 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бағери Ресейдің Астрахань облысындағы Солянка айлағының инфрақұрылымымен танысты

ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы Ресейдің Астрахань облысындағы Солянка айлағының инфрақұрылымымен танысты.

Генерал-майор Мұхаммед Бағери бейсенбі күні Ресейдің Еділ өзені бойындағы Солянка айлағының мүмкіндіктері жəне инфрақұрылымымен танысты. 

Мəскеу мен Санкт-Петербург қалаларында Ресейдің қорғаныс саласындағы жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, кеңескеннен кейін Астрахань облысына келген генерал-майор Бағери Астрахань əкімшілігінің ұйымдастыруымен Солянка айлағының инфрақұрылымымен жəне Каспий теңізі арқылы тауар тасымалдау үдерісімен танысты.

Астрахань айлағы Каспий теңізінің солтүстігінде Еділ өзенінің жағасында орналасқан. Ол Иран мен Ресей арасында тауар импорттап, экспорттайтын ең маңызды айлақтардың бірі саналады.