Деһқани: Қауіпсіздік Кеңесінің әрекетсіздігі сионистік режимнің батылдығын арттырып отыр
(last modified Tue, 19 Apr 2016 14:44:15 GMT )
Сәу 19, 2016 20:44 Asia/Almaty
  • Деһқани: Қауіпсіздік Кеңесінің әрекетсіздігі сионистік режимнің батылдығын арттырып отыр

Иранның БҰҰ- дағы елшісі әрі тұрақты өкілінің орынбасары Қауіпсіздік Кеңесінің сионистік режимнің қылмыстарына қатысты қол қусырып отыруы осы режимнің батылын арттырып отырғанын айтты.

Иранның БҰҰ- дағы елшісі әрі тұрақты өкілінің орынбасары Ғоламхосейн Деһқани Қауіпсіздік Кеңесінде Қосылмау қозғалысының атынан сөйлеген сөзінде сионистік режимнің жаулап алынған жерлердегі сансыз қылмыстарын, соның ішінде бейбіт адамдарға шабуыл жасауын, Газаны адамгершілікке қайшы әрекетте қоршауға алуды жалғастыруын және қалашық салу саясатын жалғастыруын атап көрсетіп, Қосылмау қозғалысының Израиль режимінің басқыншылығына қарсы Палестина халқына үн қосатын тұрғыларын қуаттап: «Қауіпсіздік Кеңесі жаулап алынған жерлердегі дағдарысты шешуде дәрменсіз екенін көрсетті. Сионистік режим кез- келген жазадан сескенбей, өзінің экспансистік саясатын жалғастыруда. Барлық халықаралық қағидалар мен заңдарды, әсіресе Женеваның төртінші конвенциясын әшкере түрде бұзу саясаты мен қылмыстары 60 жылдан бері әрі әрі жалғасып келе жатыр. Бұл халықаралық қауымдастық тарапынан айыпталып отыр. Қосылмау қозғалысы Палестина халқының сансыз қайғы- қасіретіне себеп болған және Таяу Шығыс аймағындағы көптеген дағдарыстар мен тұрақсыздықтардың тамыры болып табылатын осы режимнің басқыншылығы мен жазасыз қалуын тоқтату керек деп санайды» деді.