Путин: Біз Талибанды мойындауға бет алдық
(last modified Fri, 22 Oct 2021 14:45:40 GMT )
Қаз 22, 2021 20:45 Asia/Almaty
  • Путин: Біз Талибанды мойындауға бет алдық

Ресей Президенті: «Мәскеу Талибанды мойындауға бет алды. Бірақ бұл іс үшін топты Ресейде лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізген процедура сынды прцедураны өту керек»,- деді.

Итар-Тасс ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Владимир Путин  «Валдай» клубының отырысында қазіргі уақытта Ресейдегі лаңкестік топтар тізімінде тұрған Талибанды мойындау ықтималы туралы: «Біз бұл кезеңге (Талибанды мойындауға) жақындаудамыз. Ресейдің ұстанымы осы бағытта алға ілгерлейтін болады. Бірақ мұндай шешімдер бұл топты лаңкестік топ ретінде қара тізімге енгізілгендей қабылдануы тиіс»,- деп сөзін жалғады.