Францияның Иранның ядролық жұмыстары туралы мәлімдемесі Еуропаның екіжүзділігінің жалғасы болып табылады
(last modified Sat, 23 Oct 2021 13:28:37 GMT )
Қаз 23, 2021 19:28 Asia/Almaty
  • Францияның Иранның ядролық жұмыстары туралы мәлімдемесі Еуропаның екіжүзділігінің жалғасы болып табылады

АҚШ пен Еуропа елшілерінің Париждегі жұма күні кездесуі аясында Франция Иранды ядролық жұмыстарын шектеуге шақырды.

 

Франция Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Анна-Клэр Лежандр мәлімдемесінде еуропалық үкіметтердің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамағаны туралы айтпастан, Иранды бұл келісімді  бұзды деп айыптап, Иранды Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен (АҚХА) толық ынтымақтастығын қайта бастауға шақырды. Лежандр сонымен қатар  Иранның өз міндеттемелеріне және АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралуы туралы келісім жасау үшін американдық және еуропалық серіктестердің Иранмен келіссөздерге тез арада оралуға дайын екенін мәлімдеді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына Иранның мүдделері    қамтамасыз етілген жағдайда, оған оралу маңызды болып табылады. Бірақ осы уақытқа дейін АҚШ пен Еуропаның үш елі тарапынан бұл бағытта ешқандай шынайы және практикалық шаралар қабылданған жоқ. Франция  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзған АҚШ екенін ұмытқан сынды. АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуы мен еуропалық үштіктің әрекетсіздігі және өз міндеттемелеріне немқұрайдылық білдіруі келісімде қарастырылған Иранның мүдделерінің  зардап шегуіне әкелді.   Еуропалықтар әртүрлі мәселелерді көтере отырып, шын мәнінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бұзылуын ақтау үшін сылтау іздеуде. Бұл әрекеттер АҚШ пен Еуропаның  келіссөздер арқылы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы үшін жаңа жағдай жасағысы келетіндерін көрсетеді. АҚХА-нің Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы барлық міндеттемелерін орындағанын мойындағанына қарамастан, АҚШ үкіметі 2018 жылдың 8 мамырында келісімнен біржақты түрде шықты. Қазіргі кезде Венада АҚШ-ты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтаруға бағытталған келіссөздердің алты раунды өтті, бірақ олар қолайлы қорытындыға келмеді. Cонымен бірге олар Иранға жаңа санкциялар енгізуде. Мұндай айқын қарама-қайшылық пен әрекет сындарлы хабар емес.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы №2231 қарар бойынша екіжақты міндеттемелерді белгіледі. Бірақ Еуропа мен АҚШ бұл міндеттемелердің орындалуын өз мақсаттарына жету үшін кепілге алды. Өткен әрекеттерді жалғастыруды және Иранның бейбіт ядролық бағдарламасы туралы негізсіз айыптауларды қайталау - «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына соққы. Франция сарапшысы  Александр Остин еуропалықтардың әрекеттерінің қарама-қайшылығына тоқталып, басқа жағынан еуропалықтардың тәртіпті сақтау керектігін айтты.  АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иранға қарсы санкцияларын қайта бастаған кезде, Еуропа АҚШ нарығынан айырылып қалудан қорқып, Иран нарығы келесі орынға жылжыды. Басқаша айтқанда еуропалықтар да бұл оқиғаның құрбандары болды. Остин: «Менің ойымша, егер бір-бірімен келісіп, дәйекті түрде әрекет етсе, Еуропа АҚШ-тың қысымына төтеп бере алады. Бірақ Еуропа үйлесімсіздіктен қатты зардап шегуде»,- деді. ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Ресейге жасаған соңғы сапары барысында: «Егер келіссөздер өткен сегіз жылдағы жолмен жүріп, келіссөздер келіссөздер үшін болса, ИИР  өз уақытында тиісті шешім қабылдайлы»,- деді. Бұл ұстанымдар Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты стратегиясының айқын және қисынды екенін көрсетеді, ал Иранның бұл келісімге қайтып келуі басқа тараптардың еркі мен ниетіне байланысты.