Лариджани: Лаңкестік Вашингтонның араласушылық құралы болып табылады
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы: "Лаңкестік Американың қолындағы құрал болып табылады. АҚШ осы тәсілді өзге елдерге қарсы қолданғысы келеді" деді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани бүгін сейсенбі күні Мәскеуде Еуразия парламенттері төрағаларының отырысында Американың әлемді басқару үшін айтып отырған бір полюстық жүйесінің сәтсіздікке ұшырағанын қуаттап: «АҚШ-ның қазір өзі халықаралық жүйе үшін мәселеге айналып отыр. Бұл ел өзге елдер үшін тірек бола алмайды, өйткені шым- шытырық оқиғаға негізделген саясатқа ие» деді.
Лариджани сондай- ақ халықаралық жүйеде санкция қолдану саясатын қабылдамай: «Санкциялар АҚШ- тың өзге елдерге қарсы қолданудағы құралы болып табылады. Оның қолданысы Иранға қатысты көрінді» деді.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы лаңкестіктің аймақта көңіл алаңдатарлық факторға айналғанын мәлімдеп: «Сирия мен Ливия және Йеменде лаңкестік шабуылдар жалғасуда. Оны қалыптастырушылар осы тәсілді өзге елдерге қарсы қолданғысы келеді» деді.
Ресей президенті Владимир Путин мен БҰҰ- ның бас хатшысы Пан Ги Мунның үндеулерімен басталған Еуразия парламенттік отырысына 19 елдің парламент төрағалары қатысып отыр.