Дубай EXPO-2020-дағы Иран павильоны
(last modified Sun, 31 Oct 2021 09:22:45 GMT )
Қаз 31, 2021 15:22 Asia/Almaty

Дубай EXPO-2020-да Иранның «Шаһрзод ғимараты» атты павильоны «Иран: ежелгі өркениет, этностар алуандығы және ұлттарды қабылдаушы» деген ұранмен ашылды.

Павильонның жалпы кеңістігі «Мың бір түн» киссаларынан шабыт алып, дәстүрлі және заманауи сәулет өнерін ұштастыра салынған. Онда Иранның экономикасы, әлеуметтік дамуы, ежелгі салт-дәстүр мен өркениетке негізделген мәдениеті, Иран халқының әдет-ғұрыптары жұрт назарына ұсынылған.

Дубай EXPO-2020 2021 жылы 1 қазаннан басталып 2022 жылы 31 наурызға дейін жалғасын табады. Көрме 6 ай бойы қызмет көрсетеді.