Хатибзаде: Иран мен Сауд Арабиясының келіссөздерінде бастапқы келісімдер жасалды
https://itolqyn.com/news/world-i56330-Хатибзаде_Иран_мен_Сауд_Арабиясының_келіссөздерінде_бастапқы_келісімдер_жасалды
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иран мен Сауд Арабиясының келіссөздерінде бастапқы келісімдер жасалғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 31, 2021 17:11 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Иран мен Сауд Арабиясының келіссөздерінде бастапқы келісімдер жасалды

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иран мен Сауд Арабиясының келіссөздерінде бастапқы келісімдер жасалғанын хабарлады.

Саид Хатибзаде: «Келіссөздердің төрт кезеңі өтті. Екі ел арасында байланыс жалғасып жатыр»,-деді.

Хатибзаде Иран мен Сауд Арабиясының елшіліктерін ашу уақыты туралы: «Теһран мен Эр-Риядта елшіліктер ашуға әлі ерте»,-деді.

Сауд Арабиясы 2016 жылы 3 қаңтарда осы елдің Теһрандағы елшілігі мен Мешхедтегі бас консулдығына кейбір адамдардың шабуыл жасағанын сылтауратып, Иранмен дипломатиялық қатынасын үзген болатын.