Мәскеу лаңкестік қоқан-лоққылармен күрес жолында Орта Азия елдерін қолдайды
https://itolqyn.com/news/world-i56364
Ресей Сыртқы істер министрі Ауғанстаннан туындап отырған лаңкестік қоқан-лоққылармен күрес жолында Орта Азия елдерін қолдайтынын баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 01, 2021 22:23 Asia/Almaty
  • Мәскеу лаңкестік қоқан-лоққылармен күрес жолында Орта Азия елдерін қолдайды

Ресей Сыртқы істер министрі Ауғанстаннан туындап отырған лаңкестік қоқан-лоққылармен күрес жолында Орта Азия елдерін қолдайтынын баса айтты.

Сергей Лавров дүйсенбі күні Russia 24 телеарнасына берген сұхбатында: «Басты мәселе – Орта Азия елдерінің тұрақтылығы. Өйткені Ресей мен Орта Азия елдері арасында қорғалған шекара жоқ. Жалпы бұл аумақта визасыз режим қалыптасқан»,-деді.

Ресей Сыртқы істер министрі: «Бірінші кезекте көршілес елдерде тұрақсыздық орнауына жол бермей, Ауғанстаннан осы елдерге лаңкестік қоқан-лоққылар мен есірткі контрабандасының таралуына тосқауыл қою керек»,-деді.