Байден: Иранға қатысты ең жақсы жол – дипломатия
https://itolqyn.com/news/world-i56366-Байден_Иранға_қатысты_ең_жақсы_жол_дипломатия
АҚШ Президенті жексенбі күні кешке G20 саммиты аясында сөйлеген сөзінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыру туралы: «Ұлыбритания, Германия мен Франция басшыларымен сенбі күні кездесіп, Иранның ядролық дамуы туралы сөйлескеннен кейін Иранмен әріптесудің ең жақсы жолы дипломатия деп шештік»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 01, 2021 22:54 Asia/Almaty
  • Байден: Иранға қатысты ең жақсы жол – дипломатия

АҚШ Президенті жексенбі күні кешке G20 саммиты аясында сөйлеген сөзінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыру туралы: «Ұлыбритания, Германия мен Франция басшыларымен сенбі күні кездесіп, Иранның ядролық дамуы туралы сөйлескеннен кейін Иранмен әріптесудің ең жақсы жолы дипломатия деп шештік»,-деді.

Джо Байден өз елінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзғанына тоқталмастан, Иранды келіссөздерді қайта бастауға қалай ынталандыру керектігі жайлы сөйлескенін айтты.   

АҚШ Президенті «Иранның келіссөздерге қайтып оралу ниетінің шынайылығына қалай көз жеткізуге болады?» деген сұраққа жауабында: «Мәселе мынада: Біз «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтып ораламыз ба, жоқ па? Сол себепті мен Римде өз әріптестеріммен кездестім»,-деді.

Байден, сондай-ақ: «Біз АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққанынан зардап шегіп отырмыз»,-деді.