Сақшылар корпусының АҚШ-қа соққысы: Вашингтон Иран мұнайын ұрлауда сәтсіздікке ұшырады
Ислам революциясы Сақшылар корпусының теңіз күштері елдің мүддесін қорғауда байсалды да кесімді екенін тағы да көрсетіп, аймақта америкалық лаңкес күштерді тағы бір жеңіліске ұшыратты.
Америкалық басшылар соңғы күндері Иранға сес көрсете сөйлесе де, Сақшылар корпусының теңіз күштері Оман теңізінде дер кезінде әрекет етіп, америкалық кеменің бір танкерден Иран мұнайын ұрлау амалына кедергі жасады.
Америкалық күштер Оман теңізінде Иранның экспорттық мұнайын тиеген танкерді тәркілеп, ондағы мұнайды басқа бір танкерге құйып, белгісіз мақсатқа жөнелтті. Сақшылар корпусының теңіз күштері әлгі танкердің үстінде "Haliburn" амалын орындап, оны басып алып, Иранның территориялық суларына қарай бағыттады.
Бұдан бұрын Сақшылар корпусы 2020 жылы 8 қаңтарда АҚШ-тың осы корпусқа қарасты "Құдс" күштерінің қолбасшысы сардар Қасым Солейманиді шәһид еткеніне жауап ретінде 13 зымыранмен Ирактың батысындағы әл-Анбар облысында орналасқан Эйн-ул-Асад америкалық базасын нысанаға алды.
Өз түрінде теңдессіз болған бұл шабуыл Иран Қарулы күштерінің тежегіш және басқыншылық қуатының бір бөлігін дұшпандарға, солардың көш басында АҚШ-қа көрсетті.
Ал бұл жағдайда АҚШ Иран мен оның Қарулы күштерін әлсірету үшін барлық санкцияларды пайдаланып, тіпті Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне қосты. Бұған қарамастан Сақшылар корпусының теңіз күштері Оман теңізінде АҚШ күштеріне Иран мұнайын ұрлауға мүмкіндік бермеу арқылы өзінің кез келген қоқан-лоққыға төтеп беруге дайын екенін көрсетті. Сақшылар корпусының қорғаныс және басқыншылық құдіреті кез келген дұшпанға қатаң та шапшаң жауап беруге толық дайын.
Осыған орай, Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Салами: "Сақшылар корпусының теңіз күштері жақын болашақта Ислам революциясы таразысында бір мықты күшке, Иранның теңіздегі маңызды мүдделерін қорғауда кесімді күшке айналады және дұшпанды теңізде ұзақ қашықтыққа қуу қуатына ие болады",-деді.