Байден үкіметі Сауд Арабиясына қару-жарақ сатуға келісті
(last modified Fri, 05 Nov 2021 20:06:47 GMT )
Қар 06, 2021 02:06 Asia/Almaty
  • Байден үкіметі Сауд Арабиясына қару-жарақ сатуға келісті

АҚШ Мемлекеттік департаменті Сауд Арабиясына 650 млн долларлық әуеден әуеге атылатын зымырандар мен оларға қатысты құрал-жабдықтарды сатуға келісті.

Вашингтон: «Бұл зымырандарды Сауд Арабиясына сату қатерге ұшыраған осы ел мен америкалық әскерилерді трансшекаралық ұшқышсыз ұшақтардан қорғауға көмектеседі»,-деп уәж айтты.

АҚШ-тың қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық агенттігі де бейсенбі күні Конгреске хат жазып, бұл қару-жарақтарды сату АҚШ-тың сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздігін нығайтатынын жеткізді. Бұл хатта Сауд Арабиясы Батыс Азияда саяси-экономикалық өзгерістер үшін маңызды күш саналатын «дос ел» деп аталған.

АҚШ-тың жаңа қару-жарақтарын Сауд Арабиясына сату осы ел Президенті Джо Байденнің Йемен соғысын тоқтату және саудиялықтарға басқыншылық қару-жарақтарын беруді доғару туралы берген уәдесіне қайшы келеді.

Саудиялық қырғи ұшақтар америкалық қару-жарақтарды Йемендегі азаматтық нысандарға қарсы пайдаланады. Адам құқығын қорғаушылар мұны қатты сынап, алаңдаушылық білдіруде. Байден үкіметі осы мәмілені түсіндіруге талпынысында мұны тек Сауд Арабиясының зымырандар қорын толықтыруға көмектесу деп атап: «Бұл зымырандар жер бетіндегі нысандармен қақтығыста қолданылмайды»,-деп уәж айтты.  

Байден үкіметінің Вашингтон мен Эр-Рияд қарым-қатынасын қайта қарастырады және Сауд режиміне қаталырақ қарайды деген бастапқы уәждеріне қарамастан, АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы ұзақ мерзімді геосаяси мүдделері Вашингтонды біртіндеп Эр-Риядқа қатысты ұстанымын өзгертуге мәжбүрледі.

Джо Байден 2021 жылы қаңтарда АҚШ-та билік басына келіп, оның үкіметі, соның ішінде мемлекеттік хатшы Энтони Блинкеннің Вашингтон мен Эр-Рияд қарым-қатынасын қайта қарау туралы кейбір ұстанымдары жарияланған соң осы салада түбегейлі өзгерістер болады деп күтілді. Бірақ бұл уәждерге қарамастан қазір АҚШ-тың Парсы шығанағы мен Батыс Азиядағы басты одақтастарының бірі Сауд Арабиясына қатысты жалпы саясаты бұрынғыдай оны жан-жақты қолдап, қорғауға бағытталғаны айқын байқалады.  Сондықтан екі ел арасында әскери ынтымақтастық жалғасып жатыр.