Амир Абдуллахиан: Батыс елдері Вена келіссөздерінде шектен тыс талап етуден бас тартсын
Иран Сыртқы істер министрі Вена келіссөздерінің жылдам ілгерілеуі үшін Батыс елдері мен АҚШ-тың шектен тыс талап етуден және ядролық келісімнен тыс талаптар қоюдан бас тартып, реалистік қатынас ұстануы керегін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан сенбі күні Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сұхбатында Ресейдің Иранның ядролық бағдарламасына оң әрі сындарлы ұстаным білдіріп отырғанына ризалық білдірді.
Иран Сыртқы істер министрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын үйлестірушімен 4+1 тобымен келіссөзді өткізу уақыты туралы келісілгеніне тоқталып: "Вена келіссөздерінің жылдам ілгерілеуі үшін Батыс елдері мен АҚШ-тың шектен тыс талап етуден және ядролық келісімнен тыс талаптар қоюдан бас тартып, реалистік қатынас ұстануы қажет",-деді.
Ресей Сыртқы істер министрі осы телефон арқылы сұхбатта "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қайта жандандырудың маңыздылығына тоқталып: "Барлық тараптар, бәрінен бұрын АҚШ өз міндеттемелеріне қайта оралуы тиіс",-деді.
Лавров, сондай-ақ: "Мәскеу әрдайым АҚШ-тың ядролық келісімге қарсы бүлдіргі әрекеттерін доғару қажеттігін баса айтып келеді",-деп еске салды.