Шамхани Үндістан Премьер-министрімен кездесті
(last modified Wed, 10 Nov 2021 11:20:53 GMT )
Қар 10, 2021 17:20 Asia/Almaty
  • Шамхани Үндістан Премьер-министрімен кездесті

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Үндістан Премьер-министрімен кездесіп, қызығушылық танытқан мәселелерді талқылады.

Үшінші аймақтық қауіпсіздік диалогы отырысына қатысу үшін Делиге барған Әли Шамхани Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті. Шамхани бұл кездеуде Иран мен Үндістан басшыларының екіжақты қарым-қатынастардағы мақсаттарына жету қажеттілігіне тоқталып, Чабахардың аймақтық қарым-қатынастар мен солтүстік-оңтүстік транзиттік жолындағы маңыздылығын қуаттады.

Кездесу барысында Үндістан Премьер-министрі Моди делегацияларға коронавирус пандемиясы жағдайына қарамастан отырысқа қатысқандары үшін алғыс айтып, Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық білдірді және осыған байланысты ұжымдық жұмыс пен келісім қажет екенін мәлімдеді.