Амир Абдуллахиан: Барлық тараптың өз міндеттемелеріне қайта оралуы – келіссөздерді ілгерілететін басты принцип
(last modified Thu, 11 Nov 2021 12:39:56 GMT )
Қар 11, 2021 18:39 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Барлық тараптың өз міндеттемелеріне қайта оралуы – келіссөздерді ілгерілететін басты принцип

ИИР Сыртқы істер министрі Вена келіссөздерінің қайта басталғанына тоқталып: «Барлық тараптың өз міндеттемелеріне қайта оралуы – келіссөздерді ілгерілететін басты принцип»,-деді.

Абдуллахиан Твиттердегі жеке парақшасында ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Әли Бағеридің Еуропаға сапарына тоқталып: «Бағери Еуропа үштігімен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы және екіжақты қарым-қатынас туралы келіссөз жүргізу үшін Еуропаға барды. Осы күнге дейін Франция және Германия басшыларымен осы тақырыпта сұхбаттасты»,-деді.   

ИИР Вена келіссөздерін өткен кезеңдерде тығырыққа тірелген нүктеден бастағысы келмейді.

ИИР: «Егер Батыс тарапы сенім тудырғысы келсе, осыдан бұрын мойынына алып, орындамаған міндеттемелерін орындауы тиіс»,-деп сан рет мәлімдеді.