Велаяти: Башар Асад Сирияның табанды түрде қарсы тұруында шешуші рөл атқарды
(last modified Thu, 11 Nov 2021 13:19:01 GMT )
Қар 11, 2021 19:19 Asia/Almaty
  • Велаяти: Башар Асад Сирияның табанды түрде қарсы тұруында шешуші рөл атқарды

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: «Башар Асад Сирияның табанды түрде қарсы тұруында шешуші рөл атқарды»,-деді.

ISNA ақпарат агентігінің хабарлауынша, Әли Акбар Велаяти кеше, сәрсенбі күні Теһранда Сирияның Ғылым министрі Басам Ибрахиммен кездесуінде: «Сирия қарсыласу қозғалысына мүше елдер арасында айрықша орынға ие. Бұл ел 10 жыл бойы дұшпанға төтеп берді»,-деді.  

Велаяти: «АҚШ-қа бағынатын араб елдерінің көбі егер Сирия қарсыласудан бас тартса, көмектесеміз деп уәде берді, бірақ Сирия табандылық танытып, өз жолынан бір қадам да ауытқымады»,-деді.  

Басам Ибрахим Иранға іссапармен келгеніне ризалық білдіріп: «Иран мен Сирияның қарым-қатынасы терең. Сирияның үкіметі мен халқы Ислам революциясының жетекшісі, Иран үкіметі мен халқының өзіне деген ыстық ықыласынан хабардар»,-деді.  

Тегтер