Имран Хан: Талибан Ауғанстанды басып алғаннан кейін ДАИШ мүшелері Пәкістанға келді
https://itolqyn.com/news/world-i56600
Пәкістан Премьер-министрі: «Талибан Ауғанстанды басып алғаннан кейін ДАИШ лаңкестерінің бір тобы ортақ шекара арқылы Пәкістанға кірді»,-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 11, 2021 20:00 Asia/Almaty
  • Имран Хан: Талибан Ауғанстанды басып алғаннан кейін ДАИШ мүшелері Пәкістанға келді

Пәкістан Премьер-министрі: «Талибан Ауғанстанды басып алғаннан кейін ДАИШ лаңкестерінің бір тобы ортақ шекара арқылы Пәкістанға кірді»,-деп мәлімдеді.

«Тасним» ақпарат агенттігінің бейсенбі күні хабарлауынша, Имран Хан ДАИШ-тың қанша лаңкесі Пәкістанға келгеніне тоқталмастан: «Осы мәселені талқылау үшін ел армиясы мен қауіпсіздік күштері басшыларының қатысуымен үйлестіру комитеті құрылды»,-деді.

Талибанның Ауғанстандағы уақытша үкіметінің барлау ұйымы: «Осы топтың күштері елдің түрлі өңірлерінен ДАИШ лаңкестік тобының 600 мүшесін ұстап алды»,-деп хабарлады.