Беларусь тек бірнеше елдің азаматтарына Түркиядан ұшуға шектеу қойды
Қар 12, 2021 19:52 Asia/Almaty
Беларусь әуе жолдары Ирак, Сирия және Йемен азаматтарына Түркиядан Беларуське ұшуға рұқсат бермейді.
Еурокомиссия мен Польша үкіметі көші-қон толқынын Еуроодақтың Минскке қарсы санкцияларына жауап ретінде Беларусь үкіметі арандатып отыр деп мәлімдейді. Беларусь бұл айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарды. Қазір мыңдаған мигрант Беларусьтен Польша шекарасына өтуге талпынуда.
Тегтер