Иран мен Арменияның экономикалық дамуындағы жаңа қадам
(last modified Fri, 12 Nov 2021 15:13:22 GMT )
Қар 12, 2021 21:13 Asia/Almaty
  • Иран мен Арменияның экономикалық дамуындағы жаңа қадам

Армения Премьер-министрінің ресми жариялауымен Иран жүк көліктерінің Арменияға баруы үшін жаңа жағдайлар жасалды.

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян бейсенбі күні бұдан былай ирандық жүк көліктері Арменияға бару үшін Әзірбайжанға кедендік баж төлемей Горис-Капанның  орнына  Татев-Агвани  балама жолын пайдалана алатынын мәлімдеді. Никол Пашинян үкімет отырысында Әзірбайжанның Баку бақылайтын Горис-Капан жолының бөлігінде Армения азаматтары мен көліктерінің тексерілуі туралы соңғы ескертулеріне реакция білдіріп: «Ереван елдің азаматтары мен көліктердің балама жолды пайдалану шешім қабылдады»,- деді. Армения Премьер-министрі: «Бұл жолды пайдалану Әзірбайжанның Арменияға баратын жүк көліктері үшін тудыратын мәселелерін шешеді деген сөз. Иранның жүк көліктері Әзірбайжан  шенеуніктеріне кедендік баж салығын төлемей, енді осы жаңа жолды пайдалана алады»,- деп қуаттады.

Кейбір экономистердің пікірінше, Горис-Капан жаңа жолының құрылысы, Иран мен Армения арасында еркін аймақтардың құрылуы және жұмыс істеуі, Иранның Арменияның Сионик облысында экономикалық және өнеркәсіптік бөлімшелер салуы және Ереванның осыны жеңілдетуге көмектесуі, қауіпсіздікті   саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және Қара теңізге және Еуропаға шығу мақсатпен Парсы шығанағы дәлізін салу үшін Ресей, Грузия және Үндістанмен ынтымақтастықты дамыту қарастырылуы керек. Иран-Армения қарым-қатынастарының жаңа кезеңінде екі үкіметтің еркі екіжақты және аймақтық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтардың ұлғаюына негізделеді және Ереван Теһранмен өзара мүдделер бағытында даму мен қарым-қатынастарға дайындықтың ең жоғары деңгейіне ие.