Заңсыз санкциялардың жойылуы - Вена келіссөздерінің келесі раунды үшін бастапқы нүкте
Иранның Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Әли Бақери өткен бірнеше күнде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты елінің саяси басшылары мен еуропалық тараптардың көзқарастарын жақындату мақсатында еуропалық үштікпен сындарлы келіссөздер жүргізді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің саяси орынбасары Франция, Германия және Ұлыбританияның астаналарына жасаған сапарының жалғасында Испания басшыларымен кездесу жұма күні Мадридке барды. Бақери Мадридте испаниялық басшылармен екіжақты келіссөздер жүргізумен қатар, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келісімінің Біріккен комиссиясының отырысына төрағалық ететін Еуропалық сыртқы әрекет қызметі бас хатшысының орынбасары Энрике Морамен кездесті. Иран Сыртқы істер министрі орынбасарының төрт күндік сапары кезіндегі еуропалық қайраткерлермен және Энрике Морамен кездесуі санкцияларды іс жүзінде жою жолдарын табуға арналды. АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен БҰҰ-ның №2231 қарарын бұзу және заңсыз санкцияларды қолдану арқылы ИИР-на ғана емес, сонымен бірге «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойған басқа елдерге де зиянын тигізді, себебі олардың Иранмен экономикалық байланыстары болды. Иран АҚШ-тан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан тағы шықпауы туралы міндеттемені талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, бірінші кезеңде қолға алынуы тиіс мәселе – АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкцияларының жойылуы. Бұған дейінгі келіссөздердің тәжірибесі біржақты әрекеттің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы Иранның құқықтарына кепілдік беруде қолайлы нәтиже бере алмайтынын көрсетті. Иранның да өзара құқықтар мен саяси және халықаралық логикаға негізделген «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне сай әрекет етуі үшін басқа жақтан оң қадам жасалуы керек екені анық. Ең маңызды мәселе – санкцияларды алып тастауға қатысты шаралар. АҚШ келісімнен шығып, Иранға қарсы заңсыз санкциялар салғаны сияқты, келісімге қайта оралып, бұзушылықты тоқтата алады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келісімінің барлық тараптары үшін маңыздылығын және осыған байланысты аз ғана уақыттың қалғанын ескере отырып, келіссөздер санкцияларды алып тастау қорытындыға жету үшін еуропалықтар қарашаның 29-ы күні Венада өтетін келіссөздерге шынайы ұстаныммен қатысады деп күтілуде. Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымы анық және Иранның жаңа келіссөздерге ұмтылмайтынын көрсетеді. Керісінше, қазіргі жағдайда маңызды нәрсе - екінші тараптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы белгіленген келісімдерге қалай оралатынына сенімділік орнату.