Хатибзаде АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкцияларына реакция білдірді
(last modified Fri, 19 Nov 2021 21:37:48 GMT )
Қар 20, 2021 03:37 Asia/Almaty
  • Хатибзаде АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкцияларына реакция білдірді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың сайлауына араласты деген жалған сылтаумен 6 ирандық азамат пен бір ұйымға қарсы салынған жаңа санкцияларға қатысты: «ИИР АҚШ-тың жаңа санкциялық талпыныстарын Трамптың жеңіліс тапқан барынша қысым саясатын жалғастыру және шарасыздықтан жасаған заңсыз әрекет деп атап, айыптайды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің жұма күні хабарлауынша, Саид Хатибзаде: «Ұзақ жылдар бойы әртүрлі елдердің ішкі ісіне әралуан тәсілмен араласқан АҚШ-тың өз кінәсін өзгеге жабуы осы елдің қоғамдық пікірін алдарқату үшін жасалып отырған негізсіз әрекет деп бағаланады»,-деді.

Сондай-ақ, Хатибзаде Франция СІМ ақпарат хатшысының жуырдағы сөздері туралы: «ИИР МАГАТЭ-нің жауапты мүшесі ретінде осы техникалық ұйымның саяси істерден алшақ болуы тиістігін ұдайы айтып келеді»,-деді.

Франция бейсенбі күні МАГАТЭ-нің басқарма кеңесінде 24 қарашада өтетін апталық отырыста Иранға қатаң жолдау жіберуді сұрады.