Лариджани: Теһран мен Астана арасындағы парламентаралық ынтымақтастық ядролық келіссөздерден кейін арта түседі
(last modified Wed, 20 Apr 2016 08:47:14 GMT )
Сәу 20, 2016 14:47 Asia/Almaty
  • Лариджани: Теһран мен Астана арасындағы парламентаралық ынтымақтастық ядролық келіссөздерден кейін арта түседі

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасымен кездесуінде Теһран мен Астана арасындағы парламентаралық қарым-қатынастардың дамуын қуаттады.

Қазақ радиосының мәліметі бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Мәскеуде өткен Еуразия елдері парламент спикерлерінің отырысы аясында қазақстандық әріптесі Қабиболла Жақыповпен кездесуінде Теһран-Астана арасындағы әсіресе парламентаралық ынтымақтастықтардың дамуын қуаттап: «Біз Қазақстанды өзімізге дос ел санаймыз. Бұл ел ядролық келіссөздер кезінде Иранмен бірге болды. Қазақстан Президентінің Теһран сапары екі елдің сауда және экономикалық қарым-қатынастарын дамытуда әсерлі болады»,- деді.

Иран Мәжілісінің Төрағасы екі елдің сауда қарым-қатынастарының даму маңыздылығын қуаттап, Иран мен Қазақстанның лаңкестікке қарсы күресін маңызды деп атап: «Лаңкестік аймақта дамуда. ДАИШ Ауғанстанда да белсенділік таныта бастады»,- деді.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы да бұл кездесуде өз елінің халқы мен үкіметінің Иран елін құрметтейтінін айтып: «Әрқашан шекаралас Ирандағы бейбіт мақсатты іс-әрекеттердің дамуын қолдадық. Екі елдің әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтары жалғасуда әрі олар тұрақты. Біздің көзқарасымыз бойынша, Иран – аймақтағы ең маңызды мемлекеттердің бірі. Екіжақты қарым-қатынастар жақсы перспективаларға ие»,- деп баса айтты.