Иран СІМ Бахрейннің өзіне қатысты уәждерін теріске шығарды
(last modified Thu, 25 Nov 2021 13:42:51 GMT )
Қар 25, 2021 19:42 Asia/Almaty
  • Иран СІМ Бахрейннің өзіне қатысты уәждерін теріске шығарды

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Саид Хатибзаде Бахрейн Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне реакциясында Манама басшыларының Иранға қатысы бар қару-жарақтар мен жарылғыш заттар анықталғаны туралы уәждерін теріске шығарды.

IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күні хабарлауынша, Саид Хатибзаде: "Иранға қарсы трибунаға айналған "Манама диалогы" саммитымен бір мезгілде Бахрейн басшыларының осындай жалған уәждер айтуы бұл елдің аймақ мәселелерін дұрыс түсінбейтінін көрсетеді",-деп еске салды.

Хатибзаде: "Бахрейн үкіметі заңсыз сионистік режиммен қарым-қатынасты өз халқымен қатынастан артық көріп, олардың азаматтық талаптарын орындаудан бас тартып отыр",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Бахрейн үкіметі осындай жалған уәждермен өзінің ішкі-сыртқы қиындықтарын жасыра алмайды",-деді.

Бахрейн Ішкі істер министрлігіне қарасты қылмыстық істерді тексеру басқармасы бірнеше лаңкесті ұстап, лаңкестік шабуылды залалсыздандырғанын хабарлап, олардың Иранға қатысы барын айтты.