ИИР Президенті ЭЫҰ 15-ші саммитіне қатысады; Алдағы мақсаттар мен мүмкіндіктерге шолу
(last modified Sat, 27 Nov 2021 15:35:40 GMT )
Қар 27, 2021 21:35 Asia/Almaty
  • ИИР  Президенті  ЭЫҰ 15-ші саммитіне қатысады; Алдағы мақсаттар мен мүмкіндіктерге шолу

Бүгін, сенбі күні Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың шақыруымен ИИР Президенті Ибрахим Раиси жоғары деңгейдегі саяси және экономикалық делегацияны басқарып, Түркіменстан астанасы Ашхабадқа аттанады.

Осы сапарында ИИР Президенті Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ) 15-ші саммитіне қатысып, сөз сөйлеп, Иранның аймақтық және халықаралық қарым-қатынастарды нығайтудағы ұстанымдары мен ұсыныстарын, әсіресе кедергілерді жою және ынтымақтастық деңгейін арттыру және ЭЫҰ-ға мүше елдердің экономикалық алмасулары туралы баяндайды. Иранның бұл саммитке қатысуы бірнеше тұрғыдан стратегиялық маңыздылыққа ие. Біріншіден, ИИР ЭЫҰ-ның негізін қалаушылардың бірі ретінде ЭЫҰ-ға мүше 5 елмен құрлықтағы шекарасы және басқа мүшелерді халықаралық сулармен байланыстыру үшін стратегиялық географиялық жағдайға ие болуына байланысты бұл ұйымда шешуші орынға ие. Иранның маңызды энергетикалық ресурстары және оны жаһандық нарықтарға өткізу мүмкіндігі Иранның аймақтағы маңыздылығы мен сенімін айтарлықтай арттырды. ЭЫҰ 15-ші саммитіне Иранның қатысуының маңыздылығының екінші аспектісі  бұл саммиттің барысында экономикалық қарым-қатынастарды дамыту, шешімдерді жасау және ЭЫҰ мүшелері арасында іскерлік белсенділікті кеңейтуге жол ашу үшін қадам жасалады. Осыған орай, жұма күні түнде ЭЫҰ-ға мүше елдер саммитінің басында өткен Иран, Түрікменстан және Қазақстан өкілдерінің бірлескен отырысында теміржол жүк тасымалының ұлғаюына бағытталған үшжақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл саммиттің маңыздылығының үшінші аспектісі аймақтық дипломатияны жандандыру үшін кеңесу болып табылады. ЭЫҰ саммиті өткізілген жылдар ішінде Иран әртүрлі өлшемде әртүрлі ұсыныстар жасады. Ғылыми-техникалық ынтымақтастықты күшейту, экономикалық, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, ұлттық валютамен айырбастау әдісін қолдану және үйлестірілген кедендік тәртіп орнату Иранның осы саладағы ұсыныстарына жатады. ЭЫҰ 15-ші саммитінің маңыздылығының төртінші аспектісі екіжақты және көпжақты қарым-қатынастарды нығайту және аймақ елдері арасындағы барынша өзара әрекеттестік болып табылады. ШЫҰ-ның соңғы саммитінде Иранның осы ұйымға толық мүше болуының мақұлдануымен Иранның аймақ елдерімен қарым-қатынасында жаңа тарау басталған жағдайда ИИР Президенті ЭЫҰ-ның 15-ші саммитіне қатысады.