Кылычдароглу Түркия үкіметіне ескерту жасады
Ақп 10, 2016 21:08 Asia/Almaty
Түркия Парламентіндегі ең үлкен оппозициялық партияның төрағасы осы елдің үкіметіне шетелдік әскери күштердің Түркия арқылы Сирияға кіруі туралы ескерту жасады.
Халық республикасы партиясының төрағасы Кемаль Кылычдароглу Түркия парламентінде өз партиясы депутаттары фракциясының отырысында сөйлеген сөзінде осы ел үкіметінің саясатын қатаң сынап, шетелдік әскери күштердің Түркия арқылы Сирияға кіруіне келісім беруді сатқындық болады деп атап, Түркия үкіметінің сыртқы саясатын сынап: «Түркияның барлық көршілес елдермен мәселесі бар» деді.
Тегтер