Вена келіссөздерінің екінші күнінде Иран делегациясының консультациялары жалғасты
Вена келіссөздерінің екінші күнінде санкцияларды жою мақсатында әртүрлі форматта және деңгейде, сондай-ақ түрлі тақырыпта келіссөздер жалғасты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның бас келіссөзшісі Әли Бақери Кани сейсенбі күні Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі бас хатшысы және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының төрағасы Энрике Морамен кездесті. Бұл кездесуде екі жақ кешегі кездесудің қорытындысын және келіссөздерді қалай жалғастыру керектігін талқылады.
Басқа жақтан Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Австрия Орталық банкінің төрағасымен кездесті. Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Мәһди Сафаридің Австрия Орталық банкінің төрағасы Хольцманмен кездесуінде екі жақ ынтымақтастыққа тоқталуымен бірге банктік және қаржылық қарым-қатынастарды нығайту және кеңейту салаларын қарастырды.