Вена келіссөздері; Иранның жақсы мәмілеге қол жеткізудегі табандылығы
(last modified Wed, 01 Dec 2021 14:25:52 GMT )
Жел 01, 2021 20:25 Asia/Almaty
  •  Вена келіссөздері; Иранның жақсы мәмілеге қол жеткізудегі табандылығы

Дүйсенбі күні Венада АҚШ-тың Иранға қарсы қатаң санкцияларын жою жөніндегі келіссөздер басталды.

Бес айлық үзілістен кейін басталған келіссөздердің бұл кезеңінде Иран Сыртқы істер министрлігінің саяси орынбасары Әли Бақери Кани бастаған құқықтық-экономикалық аралас ирандық сарапшылар мен дипломаттардан құралған тәжірибелі топ қатысуда. Иранның бұл келіссөздердегі санкцияларды алып тастауға қатысты барлық талаптарды орындауға баса назар аударуы АҚШ үкіметі мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына мүше басқа елдердің бұл келісімнен шыға алмайтынының  және бұл ешқандай жаңа санкциялар салынбайтынының және бұрынғы санкциялардың іске асырылмауының кепілі болып табылады. Санкцияларды жою жөніндегі жұмыс тобы аясындағы сарапшылық келіссөздер сейсенбіде келіссөздердің екінші күні басталды. Иран делегациясы санкциялардың қызыл тізімі күшінде болғанша, АҚШ-тың келісімге қайта оралуы үшін жол болмайтынын баса айтты.

Иранның ядролық келіссөздер тобының бұрынғы мүшесі Сейед Хұсейн Мұсавиан сейсенбі күні CNBC телеарнасына берген сұхбатында  «Иран Вена келіссөздерінде қатал позиция ұстанды ма?» деген сұраққа: «Иранның қалауы – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келісімінің дәл, дұрыс және толық орындалуы. Ирандық келіссөзшілер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан азды-көпті ештеңе қаламайды;»,- деп жауап берді. Ол сөзінің жалғасында: «АҚШ, Ресей, Қытай және Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жандандырып, толық орындауды ұсынды. Иранның да айтатыны дәл осы»,- деді. Иран делегациясының келіссөздер алдындағы және оның басындағы кәсіби, сындарлы және шешуші ұстанымдары барлық тараптардың ашылу отырысын оң бағалануына себеп болды. Кейбір БАҚ пен ақпарат агенттіктерінің отырыс басталар алдындағы Иранның  ұстанымдарына теріс көзқарас қалыптастыру әрекеттеріне қарамастан, Вена кездесуі туралы оң пікірлердің айтылуы бұл әрекеттердің сәтсіз болғанын және келіссөзге қатысушы тараптардың саммитке сындарлы көзқараста екенін көрсетеді. Саяси сарапшылардың пікірінше, Вена келіссөздерінің ілгерілеуі АҚШ-тың қайшы  әрекеттерін түзетуге байланысты болады. Сондықтан қарсы тараптар уақытты босқа өткізбей, Венаға шынайы жігермен келген болса, келіссөздер дұрыс жолға түседі.