Иран мен Қырғызстанның екіжақты және аймақтық қарым-қатынасын кеңейту қажеттігі қуатталды
ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысымен кездесіп, екі елдің өзара қарым-қатынасы мен аймақтық әріптестігін кеңейту қажеттігін қуаттады.
ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшылығының хабарлауынша, үшкүндік іссапармен Теһранға келген Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Талаатбек Масадықов жексенбі күні ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамханимен кездесіп, екіжақты, аймақтық және халықаралық ынтымақтастыққа қатысты ауқымды мәселелер төңірегінде сұхбаттасты.
Шамхани Ауғанстандағы өзгерістерге тоқталып: «Аймақтағы қазіргі дағдарысты жағдай, әсіресе Ауғанстанның жағдайы – АҚШ-тың аймақтағы қате саясатының салдары. Вашингтон 20 жылдан аса уақыт бойы Ауғанстанға басқыншылық жасады»,-деп еске салды.
Шамхани: «Ауғанстанда бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату қажеттігін ескеріп, барлық қауымдардың қатысуымен жан-жақты үкімет құруды осы мақсатқа жетудің басты алғышарты санаймыз»,-деді.
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы осы кездесуде Иранға келгеніне ризалық білдіріп, екі елдің аймақтық қатынасында ортақтықтар барына тоқталып: «Бішкек Теһранмен саяси-экономикалық және қауіпсіздік салаларында қарым-қатынас деңгейін жоғарылатуға ниетті»,-деді.
Талаатбек Масадықов: «Аймақ елдері Ауғанстанда гуманитарлық дағдарыс және абсолюттік кедейліктің алдын алу және туризмді дамыту үшін бірлескен және үйлескен басталамалар қабылдап, осы елде тұрақтылық тудыруға көмектесу керек»,-деді.