Шамхани: Тек аймақ елдерінің әріптестігінің арқасында баянды қауіпсіздік пен тұрақтылық орнайды
ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы аймақ елдерінің әріптестігін баянды қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатудың басты шарты деп атады.
Шамхани дүйсенбі күні БАӘ-нің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі шейх Тахнун бен Заидпен кездесуінде: «Көршілес елдермен жылы достық қарым-қатынас орнату, сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуеттермен алмасу – ИИР-ның сыртқы саясат саласындағы басты басымдықтары»,-деді.
Шейх Тахнун бен Заид осы кездесуде Ираның аймақтағы мықты ел ретінде теңдессіз геосаяси жағдайға ие екенін және Шығыс пен Батысты байланыстыруда басты күре жол екенін айтып: «Абу Даби мен Теһран арасында бауырластық қатынасты дамыту БАӘ-нің басты басымдықтарының қатарында»,-деді.
БАӘ-нің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі бүгін, дүйсенбі Теһранға іссапармен келді.